Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкентік полицейлер пәтер ұрлығын жасаған бойжеткенді құрықтады

KAZAKBOL.COM

Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай аудандық полиция басқармасына 102 сымтетігі арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз шағымында танысы үйде болмағанын пайдаланып, ұялы телефон мен бағалы мүліктерін қолды еткенін көрсетті. Белгілі болғандай жәбірленушіге 500 000 теңгеге жуық шығын келтірген.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188- бабы 3 бөлім 2 тармағы бойынша тіркелді.

Сәйкесінше, тәртіп сақшылары арыз түскен сәттен бастап жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде күдікті қаладағы жалдамалы пәтердің бірінде қолға түсті.

Қазіргі таңда азаматшаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде полиция қызметкерлері тұрғындарға қырағы болуды және өз үйлерін қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Сондай-ақ пәтер ұрлығы болған жағдайда жедел түрде «102» арнасына хабарласыңыз. Бұл полиция қызметкерлеріне қылмысты ізін суытпай ашуға көмектеседі.

Шымкент қ. ПД-нің баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM