Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Бішкекте соғысқа қарсы шеру өтті

KAZAKBOL.COM

Қырғызстан астанасында «Бейбітшілік! Наурыз! Шеру!» деп аталатын акция ұйымдастырылды. Шеруге шыққан әйелдер Украинадағы, әлемнің басқа да елдеріндегі соғысқа қарсы екенін мәлімдеді.

Шеру модераторы Алтын Капалованың мәлімдеуінше, Югославия, Ирак, Йемен, Ливия, Сирия, Ауғанстан және Украинадағы соғыстар осы елдердегі халықтарды қасіретке батырды.

«Езгідегі халықты босату, әйелдерді қорғау» деген желеумен соғыс ашқанын көрдік, онда әйелдер мен балалар қаза тауып, ашығып, үйден кетуге мәжбүр болды», — деді шеру жетекшісі.

Бейбіт шеру Бішкектегі «Ресей» кинотеатры алдында басталды.

Шеру қарсаңында милиция қызметкерлері акцияға қатысушылардан саяси ұрандар жазылған плакаттарды, сонымен бірге Украина мен Ресей туларын алып тастауды талап етті. «Қырғызстан бейтарап ұстанымда қалады», — деп мәлімдеді милиция қызметкерлерінің бірі. Азаттық радиосы Қырғыз қызметі тілшісінің есептеуінше, акцияға бірнеше жүз адам қатысты.

Бұның алдында тұрғындар Ресейдің Бішкектегі елшілігі алдына бірнеше мәрте жиналып, соғысты тоқтатуды талап еткен. 5 наурызда милиция елшілікке келген бір азаматты ұстап, оған 3 мың сом айыппұл салған.

Ресейдің қарулы күштері 24 ақпанда Владимир Путиннің бұйрығымен Украинаға басып кірді. АҚШ пен Батыс елдері Мәскеуге қатаң санкциялар жариялады. Жүздеген корпорациялар мен брендтер Ресейдегі кәсібін тоқтатқанын жариялады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM