Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Бішкекте жалған ақпараттан қорғау туралы заң жобасына қарсы акция өтіп жатыр

KAZAKBOL.COM

Қырғызстан астанасында «Жалған және сенімсіз ақпараттан қорғау туралы» заң жобасының қабылдануына қарсы наразылық акциясы өтіп жатыр.

Белсенділер бұл құжат Қырғызстанда сөз еркіндігін шектейді деп есептейді.

Парламенттің бүгінгі отырысында заң жобасын ұсынған Гүлшат Асылбаева құжатты талқылауды күн тәртібіне шығаруын сұрады. Заң жобасында Интернет қолданушылардың, сайт қожайындары мен интернет-провайдерлердің жауапкершіліктері мен құқықтары жазылған. Құжатты депутаттар былтыр ұсынған.

Азаматтық қоғам наразылығынан соң заң жобасы өңдеуге қайтарылған. Парламенттің салалас комитетінде жобаны жетілдіретін топ құрылған. Енді бұл құжат «Жалған және сенімсіз ақпараттан қорғау туралы» заң деп аталады.

Қоғам өкілдері билік осы құжаттың көмегімен елде сөз еркіндігін «бақылауда ұстағысы» келеді деп алаңдап, парламенттен заң жобасын қабылдамауын талап етті.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM