Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Бішкектің Ленин аудандық округындағы сайлауда экс-депутат Дамира Ниязәлиева алда келеді

KAZAKBOL.COM

28 мамырда сағат 20:00-де Бішкектің №26 Ленин аудандық округында Жогорку Кеңеш депутатын мерзімінен бұрын сайлау аяқталды.

Ақпараттық сайлау жүйесінің мәліметінше, сайлаушылардың 13,95 пайызы, яғни 125 мың сайлаушының 17 мың 423-і ғана дауыс берді.

Автоматтандырылған сайлау жәшіктері Дамира Ниязәлиева (6 мың 242 дауыс) алда келе жатқанын есептеді. Ниязәлиева — Жогорку Кеңештің бұрынғы депутаты.

Орталық сайлау комиссиясы түпкілікті нәтижені сайлау бюллетендерін қолмен санап болғаннан кейін жариялайды.

Сайлауға 29 үміткер түсті. 49 адам сайлауға қатысуға өтініш берді, бірақ кейін олардың біразы сайлаудан бас тартты.

Депутаттар арасында «Кемпірабад ісі» бойынша қамауда отырған Равшан Жээнбеков пен Ақыл Айтпаев та бар.

Бішкектің Ленин аудандық округы бойынша мерзімінен бұрын сайлау депутат Жаныбек Абиров мандаттан айрылған соң тағайындалды. Ол астанадағы мейрамханалардың біріндегі төбелестен кейін сынға ұшырап, биыл наурызда өз еркімен парламенттен кетуге өтініш берген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM