Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Биылғы жылдың «Оскар» сыйлығының лауреаттары белгілі болды

KAZAKBOL.COM

Лос-Анджелесте «Оскар» америкалық киноакадемиясының 94-сыйлығы табыс етілді.

Шараға қатысушылар Ресейдің Украинаға ашқан соғысынан қаза тапқан құрбандарды еске алып, бір минөт үнсіздік жариялады. Экранның қара фонында қазір Украинада миллиондаған отбасы тамаққа, дәрі-дәрмекке зәру деп жазылып, украиндықтарға қолдау көрсетуге шақырды.

«Кино – жанжал кезінде гуманизміңді білдіру үшін маңызды мүмкіндік, бірақ шынайы өмірде Украинада миллиондаған отбасы тамаққа, дәрі-дәрмекке, таза суға және құтқару қызметіне зәру боп жатыр. Ресурстар тапшы, бірақ біз ғаламдық қауымдастық ретінде бұдан да үлкен көмек көрсете аламыз», – делінген жазбада.

Биылғы жылдың ең үздік фильмі деп «CODA: Саңырау ата-ананың баласы» картинасы танылды. Фильм саңырау отбасының тарихы жайында: үйдегі құлағы еститін жалғыз ұл 17 жастағы Руби, музыка мектебіне оқуға түсуге шешім қабылдағанда, бәрі өзгереді.

Картина үш номинация бойынша сыйлыққа ұсынылған. Үшеуінде де жеңді. Атап айтқанда, екінші пландағы ең үздік кейіпкер марапатын Трой Коцур алды. Сонымен бірге осы фильм «Ең үздік сценарий» номинациясын алды.

«Король Ричард» фильміндегі басты рөлі үшін Уилл Смит ең үздік актер болса, «Тэмми Фэйдің көзі» картинасындағы ойыны үшін Джессика Честейн ең үздік актриса атанды.

Ең үздік режиссер Джейн Кэмпион, ерекше сценарийі үшін Кеннет Бран «Оскар» сыйлығын иеленді.

Ең үздік анимациялық фильм деп «Энканто» танылса, Альберто Мьельго түсірген «Әйнек тазалағыш» қысқаметражды анимациялық фильмдер арасында үздік деп танылды.

«Ең үздік ән» сыйлығы Билли Айлишке бұйырды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM