Тәжікстанның ішкі істер министрі 4 тамыздағы баспасөз конференциясында биыл 143 адам тыйым салынған ұйымдар мен қозғалыстарға, террористік және экстремистік топтарға қатысы бар деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.
Рамазон Рахимзоданың айтуынша, солардың 23-і Тәжікстанда тыйым салынған «Группа 24», Тәжікстан ислам өркендеу партиясы және Тәжікстан ұлттық альянсы секілді қозғалыстар мен ұйымдарға қатысы бар делінеді.
Аталған үш ұйымның басшылығы ұсталған, түрмеге қамалған адамдардың қозғалыс қызметіне ешқандай қатысы жоғын мәлімдеген.
Министрдің мәліметінше, күдіктілердің 45-і «Салафия» ұйымына, 26-ы «Ислам мемлекетіне» қатысы бар деген айыппен ұсталған.
Адам құқықтарын қорғаушылар тәжік билігінің ұсталған күдіктілер туралы мәліметіне күмән келтіріп отыр. Олардың пікірінше, Душанбе терроризм және экстремизммен күресті билікке бақталастарды қудалау үшін қолданып келеді. Дегенмен билік өз әрекетін дұрыс деуден танған емес.
KAZAKBOL.COM