Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Bloomberg: Ақ үй банктерден ресейлік компанияларға қызмет көрсете беруін білдірмей сұраған

KAZAKBOL.COM

АҚШ қаржы министрлігі мен АҚШ мемлекеттік департаменті JPMorgan және Citigroup тәрізді ірі банктерді «белгілі бір ресейлік компаниялармен» әріптестіктен бас тартпауға шақырып отыр. АҚШ билігі бұл әрекетін көпке жарияламаған. Бұл жөнінде Bloomberg жазды.

АҚШ билігі банктерден «Газпром», «Уралкалий» және «Фосагро» сияқты компанияларға негізгі қызмет түрлерін (ақша аударым, сауданы қаржыландыру) көрсете беруін сұраған.

Агенттіктің жазуынша, Джо Байден әкімшілігі осылайша санкцияның кері әсерін азайтып, «ғаламдық экономикалық апат пен жаппай аштықтың» алдын алғысы келеді.

Ресейдің Украинаға басқыншылығына байланысты Мәскеуге санкция салынғаннан кейін көптеген АҚШ банктері айыппұл алмас үшін ресейлік компаниялармен сақтықпен қарым-қатынас жасап отыр. Осының салдарынан үкімет оларды әріптестікті жалғастыруға көндіруге тырысып жатыр, деп жазды Bloomberg.

«Әлемдегі азық-түлік қауіпсіздігі осы транзакцияларға тәуелді. Ауыл шаруашылығы өнімдері саудасына қатысатын банктер мен өзге қатысушыларға санкцияға қатыстары жоғын түсіндіріп жатырмыз» деді АҚШ мемлекеттік департаменті санкцияны үйлестіру басқармасының жетекшісі Джеймс О’Брайен.

Соғыс басталғаннан кейін ірі трансұлттық банктер Ресейден кетіп, ресейлік клиенттермен іс жүргізуден бас тартқан.

Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін және соған байланысты Мәскеуге санкция салынғаннан кейін әлемдегі ірі телекоммуникация жабдықтарын шығарушы компаниялар Ресейге өнім тасуын тоқтатқан.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM