Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Bloomberg: ЕО екінші санкциялардың механизмін құрып жатыр, оған Орталық Азия елдері енуі мүмкін

KAZAKBOL.COM

Еуропалық одаққа мүше елдер екінші санкциялардың механизмін құрып жатыр. Онда Ресейге шектеулерден айналып өтуге көмектесіп жатқан елдерге санкция енгізбек.

Бұл механизм құрылса, бірінші кезекте Орталық Азия елдері «қара тізімге» енбек. Осылай деп Bloomberg агенттігі дереккөзіне сүйеніп хабарлайды.

«Бұл инструменттің негізгі мақсаты үшінші елдер арқылы шектеулерден айналып өтіп отырған Ресейге тосқауыл қою. Егер бұл жұмыс істемесе, онда үшінші елдерге толық шектеу қойылады», — деп хабарлайды Bloomberg.

Агенттік хабарлағандай, 2022 жылы Ресейге қаншама санкция салынғанымен бұл елде импорттың өскені байқалған. Атап айтқанда шетел тауарлары Қазақстан, Бірікке Араб әмірлігі, Түркия, Қытай және басқа да елдер арқылы Ресейге жеткізіліп отырған.

Бұл мәселе 19-21 мамыр аралығында Жапонияда өтетін «Үлкен жетілік» саммитінде қаралмақ.

Агенттіктің жазуынша, егер жоба мақұлданса, жақын арада бұл санкциялар ең бірінші Орталық Азияға, оның ішінде Қазақстанға әсер етуі мүмкін.

Былтыр Қазақстаннан Ресейге микрочиптер тасымалдау 300 есеге артқан.

Ресми мәлімет бойынша, Еуропа елдерінен Қазақстанға импорт 2 млрд долларға өсіп, 8 млрд долларға жеткен. Ал Қазақстаннан Ресейге тауар тасымалдау 25 пайызға өскен.

Биыл сәуір айында ЕО, Ұлыбритания және АҚШ өкілдері Қазақстанға барып, санкция салу мүмкіндігін ескерткен.

Қазақстан билігі Ресейге санкциядан айналып өтуге көмектесіп жатқанын бірнеше рет теріске шығарды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM