Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Божко: Болары болып, бояуы сіңген соң кіріскенді доғару керек

KAZAKBOL.COM

Алдағы көктем маусымында Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы көңіл көншітерліктей болмайын тұр.

Соған қарамай, біз болары болып, бояуы сіңген соң құтқару операцияларына кіріспей, ел тұрғындарына болуы мүмкін қауіпті ескертуіміз керек.

Мұны  Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко BNews.kz студиясында берген сұхбатында айтты.

«Еліміздің бірқатар өңірінде, дәлірек айтсам, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар аудандарында жердің тоңы жібімей жатып, ауа райының күрт жылынуына байланысты тұрғындарға қауіп төнуі әбден мүмкін. Дей тұрғанмен, Қарағанды облысында қар көп жауғанымен жер аса қатты емес, сондықтан еріген қар суы жерге сіңіп үлгеруі мүмкін», — дейді Божко.

«Тағы бір айта кетер жағдай, жуырда Алматы тауларының үстінен ұшып өткенде қар айтарлықтай көп жаумағанын байқадым. Келесі аптада Алматы облысын тағы бір рет айналып ұшамыз, алдағы уақытта қолға алар нақты шара сол уақытта белгілі болады», — дейді вице-министр.

Оның айтуынша, жылда қолға алынатын шараларды ескере отырып, табиғи апаттың салдарымен күреспей, ел тұрғындарына болуы мүмкін қауіпті ескерту қажет.

«Қазіргі кезде өткен жылы бізді әбігерге салған суқоймалардың жайын анықтап, оларды реттеу жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатырмыз. Осы аптадан бастап суқоймаларды босатып, еріген қар суларына көп орын босатып жатырмыз. Сонымен қатар, біз болары болып, бояуы сіңген соң құтқару операцияларына кіріспей, ел тұрғындарына болуы мүмкін қауіпті ескертуіміз керек», — дейді Владимир Божко.


KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM