Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында заңсыз 124 түп ағаш кесу жайты анықталды

KAZAKBOL.COM

Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері 2022 жылдың 20-қазан мен 19-қараша аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Іс-шараның мақсаты – қала аумағындағы табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар мен объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған.

Атап айтсақ, Абай ауданы полиция басқармасының қызметкерлері іс-шара жүргізу барысында 124 түп ағашын заңсыз кескен жергілікті тұрғынды ұстады. Аталған жайт негізінде ҚР ҚК-нің 340-бабы (Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тәртіп сақшылары аң, балық аулау және ағаштар мен бұталарды кесу талаптарын бұзу, қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратын ескертеді.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM