Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Британ барлауы: Ресей әскері Украина солтүстігінен толық шығарылды

KAZAKBOL.COM

Ресей армиясы Украина солтүстігінен Беларусь және Ресей аумағына толық көшірілді. Осылай деп Ұлыбританияның қорғаныс министрлігі барлау қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Мәліметке сәйкес, армияның жартысы Донбастағы соғыс әрекеттеріне қатысу үшін Украинаның шығысына жөнелтіледі.

“Солтүстікке қайта әскерін кіргізсе де, бұл кемінде бір аптаны алады”, делінген.

Британия қорғаныс министрлігі Украина шығысында және оңтүстігінде қалаларды бомбалау жалғасып жатқанын, орыс әскерлері Изюм қаласынан да шегініп жатқанын хабарлады.

Украинаның солтүстік-шығысындағы Сума облысы орыс әскерлерінен босатылды. Облыс басшысы Дмитрий Живицкий аймақта миналанған қауіпті жерлер көп екенін айтып, абай болуға шақырды.

БҰҰ мәліметінше, Украинада соғыс басталғаннан бері 1611 бейбіт тұрғын қайтыс болған, арасында 131 бала бар, 2227 адам жарақат алған.

Украинада жалпы 11 миллионнан астам адам үйін тастап кетуге мәжбүр болған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM