Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Британия тәжік мигранттарына есігін ашып жатыр

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанның мыңнан астам азаматы Ұлыбританияға барып, жұмыс істегісі келеді. Мигранттарды жұмыспен қамтамасыз ететін компания әзірге 200 адамды таңдап алды. Бұдан бөлек Ұлыбританияның ауыл шаруашылығы саласына 500 адам жіберуге ниетті.

Тәжікстанның миграциялық қызметі Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия елшіліктерімен бірлесіп, ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істегісі келетін азаматтарды іріктеуді бастағанын мәлімдеді. Жұмысқа 22-45 жас аралығындағы ағылшын тілін білетін азаматтарды қабылдамақ.

«Біз Лондондағы Тәжікстан елшілігі арқылы Британияда жұмыс істегісі келетін адамдардың тізімін жібердік. Компания өкілдері әзірге 244 адамды іріктеп алды. Олардың 69-сы шақырту алды, қазір құжаттарын әзірлеп жатыр», — дейді Мигранттарға кеңес беру орталығының директоры Диёр Норматов.

Тәжікстандықтар Британияға өз ақшасымен барады. Маусымдық жұмыс тәулігіне 8 сағатқа созылады. Әр сағат үшін 12 доллар алады.

29 жастағы Фирдавс Баротов таяуда ғана Ұлыбританиядан жұмыс істеп келді.

«Ресейден айырмашылық көп. Британияда жұмыс істеген жеңіл әрі айлығы да жоғары. Бірақ бұл елге заңсыз бару мүмкін емес», — дейді ол. Бірақ ол Британияда жұмыс істегеннің өз қиындығы бар екенін айтады. Визаны 9 айға ғана береді екен. Ал Душанбе мен Лондон арасында ұшақ бағасы 20 мың сомони.

Тәжікстанда жұмыссыздық мәселесі күрделі. Ресми ақпарат бойынша, былтыр жұмыссыздар саны 54,6 мың адам болған. Көбі Ресей, Қазақстан, Түркия, Оңтүстік Корея, Біріккен Араб әмірлігі елдеріне барып жұмыс істеуге мәжбүр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM