Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Былтыр ресейліктер Орталық Азия елдеріне жиі сапарлап, рекорд жасаған. Қазақстанға кіру 234 пайыз артқан

KAZAKBOL.COM

2022 жылы Ресей азаматтары Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия және Арменияға бару жағынан кейінгі бес жылда болмаған рекорд орнатты. Ресей шекара қызметінің мәліметінен осындай тұжырым жасауға болады.

Ресейліктер көрші елдерге әсіресе үшінші тоқсанда көп барған. Бұл жайт Ресейде қыркүйекте жарияланған мобилизациямен байланысты болуы мүмкін. Сол кезде Ресейдің көп азаматы соғысқа шақырудан қашып, елден кеткен.

Ресей шекара қызметінің мәліметтерін сараптаған «Медуза» басылымының жазуынша, бір жыл ішінде Моңғолияға сапар 989 пайыз, Грузияға – 475 пайыз, Қазақстанға – 234 пайыз, Тәжікстанға – 212 пайыз, Өзбекстанға 99 пайыз артқан.

Бұдан бөлек, былтыр ресейліктердің Израильге ұшуы екі есе артып, 100 мыңнан асқан.

Статистикада шекараны кесіп өту саны ғана көрсетілгендіктен, бұл шынайы эмиграция ахуалын көрсетпеуі мүмкін. Яғни онда шетелде демалғандар мен іссапарға барғандар, жеке шаруамен жүргендер де болуы мүмкін.

Алайда «Новая газета» демографтар Юлия Флоринская мен Алексей Ракшидің пікіріне сүйене отырып, былтыр Ресейден 400-800 мың адам қоныс аударғанын жазды. Қоныс аударғандар саны миллионға барып жығылады дейтін мамандар да бар. Ақпаратқа қарағанда, былтыр эмигранттардың 100 мыңнан астамы Грузияда, тағы 100 мыңы Қазақстанда қалған. 50-100 мың адам Сербияға ұшып кеткен, шамамен 40 мыңы Арменияға барған. Шамамен 35 мың Ресей азаматы Израильге, Қырғызстанға және Еуроодақ елдеріне кеткен.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM