Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

БЖЗҚ қаржысы салынған Әзербайжан банкі қарызын 15 жыл ішінде төлейді

KAZAKBOL.COM

БЖЗҚ 71,3 млрд теңге инвестиция салған Әзербайжанның халықаралық банкі банкротқа ұшырау туралы сотқа өтініш берген еді.

Әзербайжан банкі Қазақстанға қарызын 15 жыл мерзім ішінде төлейтін болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

«Жалпы айтқанда біз бұл ақшаны жоғалтқан жоқпыз. Егер банк, шынында да, банкротқа ұшыраса немесе қарыздың қайта өзгеріспен төленуін несие берушілердің басым көпшілігі қолдамағанда ақшаны жоғалту қаупі туындайтын еді. Бүгінгі таңда банктің бұл облигациялары Әзербайжанның дербес облигацияларына ауыстырылған. Қорытындысында 3,5 пайыздық мөлшеремемен 250 млн АҚШ доллар ақшаның қайтарымы 15 жылға ұзартылды. Бұл қағаздар өтімді болып табылады», — дейді ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Парламент Мәжілісінің отырысында.
Оның айтуына қарағанда, қазақстандықтар үшін жоғарыда айтылған қаражат жоғалды деу артық әңгіме.

«Біз қаржыны жоғалттық деп айтуға болмайды. Иә, айырмашылық бар. Бірақ негізгі соманы біз жоғалтқан жоқпыз», — дейді ол.
Еске сала кетейік, Қазақстанның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 71,3 млрд теңге инвестиция салған Әзербайжанның халықаралық банкі банкротқа ұшырау туралы сотқа өтініш берген еді. Қазіргі кезде аталған қаржы мекемесі сыртқы қарыз бойынша төлем жүргізуді тоқтатып, несие берушілермен банктің құрылымын қайта өзгерту бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. Қаржылық проблема Әзербайжанның ұлттық валютасының девальвациясы мен мұнай бағасының құлдырауы салдарынан туындаған еді.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM