Скриншот: ктк арнасы
Әмина Мәжіғұлова тағдыры тәлкекке түскен Жансаямен қоса, қолындағы үш жасқа толған қызынан да ажырап қалды.
«Сонымен қатар ҚР неке және отбасы кодексінің талаптарына сәйкес, аталған жауапкерден екі баласын асырап бағу үшін, 2016-шы жылдың желтоқсан айынан бастап алимент өндірілді», — дейді судья Ербол Дүйсенбаев.
Дегенмен үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Әмина апелляциялық шағым түсіре алады. Тіпті сәбилерін қайта бауырына басуға мүмкіндігі бар екен. Ол үшін сотқа түзелгенін дәледеуі тиіс.
Әзірге үлкен қызы шешесінің қолында, ал кішісі «Үміт» балалар үйінде бола тұрады. Сонымен қатар, бала асырауға үміттілер де 1 жастағы Жансаяны алу үшін алты айдан кейін өтініш бере алады.
Айта кетейік, былтыр қаңтарда Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғыны Әмина Мәжіғұлова сәбиін жол бойындағы әжетханаға туып тастап кеткен еді. Нәжіске малынған шақалақты жолаушылар құтқарып қалған.
Осы қылмысы үшін келіншек бір жарым жылға сотталып, жуырда рақымшылықпен бостандыққа шыққан болатын.
KAZAKBOL.COM