Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Cәбилерден қуыршақ жасайтын қылмыскер әлемді дүрліктірді (фото)

KAZAKBOL.COM

Фото: lemurov.net

Сәбиін жоғалтып алған ата-ана бір жылдан кейін көрмеде қуыршақтың жүзінен балаларының бейнесін таныды. Бұл сұмдық оқиға Жапонияның кішкентай қалаларының бірінде болған деп хабарлайды lemurov.net порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Тао отбасының баласын ұрлап кеткеннен соң артынша бүкіл ауыл болып бүлдіршінді іздейді. Бірақ бір айға өтсе де іздеу жұмыстары нәтиже бермеді. Қайғыдан қан жұтқан ата-ана балаларының мәңгілікке жоғалғанына амалсыз мойынұсынды. Арада бір жыл өткен соң Тао отбасы қуыршақтар көрмесіне шақырту алады.

Көптеген қуыршақтардың ішінен анасы таныс бейнені бірден байқады.

Ол алдымен бұл жай ғана ұқсастық деп ойлады. Жоғалып кеткен баласының қуыршаққа айналуы оған бос әңгіме болып көрінді. Алайда баланың әкесі де бұны байқаған, бірақ ол туралы әйеліне айтпауды жөн көрген. Аздан соң екеуіде ойларын бір-біріне ашық айтады.

Дәл сол сәтте бұның жай ғана ұқсастық емес екенін түсінген ата-ана қуыршақты жақыннан көруге бел байлайды. Ең қызығы олар қуыршақтың өз ұлдары екенін бірден таниды.

Болған оқиғадан соң ерлі-зайыпты ауруханаға жеткізілді. Полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізіп, Тао отбасының баласын сол уақытта кішкентай сәбилерді ұрлап, кейін олардан қуыршақ жасайтын қылмыскердің алып кеткені белгілі болды.

Ол сәбилерді ұрлап, кейін олардан қуыршақ жасап, көрмелер мен аукциондарда сатқан.

Тао отбасы сол күні өз балаларын өлтірген қылмыскермен бетпе-бет кездескенін түсінді. Қылмыскер бірден тұтқынға алынды. Ал Тао отбасы болса болған оқиғадан соң біраз уақытта дейін естерін жия алмай жүрген.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM