Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Centerra Gold Inc. Құмтөр кенін басып алды деп мәлімдеп, сырттай басқарушыны сотқа берді


Канаданың Centerra Gold Inc. компаниясы «Құмтөр Голд Компани» кәсіпорынының сырттай уақытша басқарушысы Тенгиз Бөлтүрүктің үстінен Онтариодағы Жоғары сотқа арыз түсірді.

Канаданың Centerra Gold Inc. компаниясы Тенгиз Бөлтүрүкті сотқа бергенін ресми сайтында хабарлады. Компания мәлімдемесінде Құмтөр кенін басып алды делінген. Centerra Gold Inc. Бөлтүрүктің «кенді тікелей немесе жанама түрде басқаруына» сотпен тыйым салуды көздейді.

«Компания Тенгиз Бөлтүрүктің Centerra Gold Inc. басқармасынан кетерден бұрын Құмтөр кенін басып алу жөнінде Қырғызстан үкіметімен және басқалармен келіссөз жүргізгенін, сөйтіп инвестициялық келісім шартын бұзғанын білді», — делінген канадалық компания таратқан мәлімдемеде.

Қырғыз Республикасы мен Канада азаматы саналатын Тенгиз Бөлтүрүк Centerra Gold Inc. директорлар кеңесіне Қырғызстан өкілі болып 2020 жылғы желтоқсанда тағайындалған. Биыл 17 мамырда ол парламент отырысында канадалық компанияның директор кеңесінен шыққанын айтты.

17 мамырда парламент «Құмтөр» компаниясының қызметін тексерген мемлекеттік комиссияның есебін тыңдады. Комиссия компаниядан 460 млрд сом өндіріп алуды ұсынды. Парламент үкіметке «Құмтөр Голд Компани» кәсіпорынына сырттай уақытша бақылау енгізуді тапсырды. Ертесіне Құмтөрдің сырттай уақытша басқарушысы болып Тенгиз Бөлтүрүк тағайындалды.

«Құмтөр Голд Компанияға» иелік ететін канадалыұ Centerra Gold Inc. Қырғызстан билігінің әрекетін алтын кенін жекешелендіруге талпыныс деп бағалады. 16 мамырда канадалық инвестор халықаралық төрелік сотқа жүгінгені мәлім болды.

Құмтөр — Қырғызстандағы ең ірі алтын кені.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM