Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

CNN: Пентагон құпиясы ашылып қалған соң Киев әскери жоспарын өзгертті

KAZAKBOL.COM

Пентагонның құпия құжаттары жария болып кеткен соң Киев әскери жоспарының бірқатарын өзгертті. Бұл туралы CNN телеарнасы Украина президенті Владимир Зеленскийге жақын дереккөзге сілтеме жасай отырып хабарлады.

Нақты қай жоспар өзгергені әзірге белгісіз. Пентагон құпия құжаттар жария болған соң маңызды мәліметтерді сақтау тәртібін өзгерткен.

АҚШ қорғаныс министрлігі интернетте жарияланған құжаттардың қаншалықты түпнұсқа екенін, олардың АҚШ ұлттық қауіпсіздігі мен одақтастарына қаншалықты әсер етуі мүмкін екенін тексеріп жатыр. Құжаттардың жарияланып кетуін АҚШ әділет минисрлігі зерттейді, деп хабарлады Пентагон баспасөз хатшысының орынбасары Сабрина Сингх.

Украинаның қарымта шабуылы мен қару-жарағына, сонымен бірге Таяу Шығыс пен Қытайға қатысты құпия құжаттар наурыз айында ғаламторда жарияланып кеткен.

Пентагондағы дереккөздер құжаттардың түпнұсқа болуы мүмкін екенін мойындаған.

Украина президентінің кеңсесі оларды «фотошоп» деп атаған. Киев құпия құжаттардың жариялануын Ресей әрекеті болуы мүмкін деп есептейді. Мәскеу болса АҚШ пен НАТО-ның Украинадағы жанжалға тікелей немесе жанама түрде араласып отырғанына күмәндандайтынын мәлімдеген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM