Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

COVID-19: Қырғызстан AstraZeneca вакцинасын алады

KAZAKBOL.COM

Қырғызстанның денсаулық сақтау министрі Алымкадыр Бейшеналиев таяу уақытта елге AstraZeneca вакцинасының 405 мың данасы жеткізіледі деді.

Оның айтуынша, препарат Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) арқылы алынады. «Бұдан бөлек басқа да медицинаға қажетті құралдар жеткізіледі. Оларды сақтайтын орын бар», ‒ деді министр.

Алымкадыр Бейшеналиев AstraZeneca вакцинасына қатысты Еуропада болып жатқан жағдай алаңдататынын жеткізді. Бірақ ол Қырғызстанға жеткенше, ДДСҰ себебін анықтайды деп үміттенеді.

Наурыз айында Қырғызстанға COVAX бағдарламасы аясында AstraZeneca вакцинасының 2,6 млн данасын сатып алуы керек болған. Бірақ уақытша тоқтатқан.

Дания, Венгрия елдерінде AstraZeneca вакцинасын салдырғаннан кейін азаматтардың жағдайы әлсіреп, тіпті адам өлімі болғаны хабарланған.

Ресми мәлімет бойынша, Қырғызстанға таяу уақытта Ресейдің «Спутник V» вакцинасының 30 мың данасы жеткізіледі. Бішкек Ресейден 1 млн дана вакцина сұраған.

Қырғызстанда 29 наурыздан бастап Қытайдың SinoPharm вакцинасы салынып жатыр. Ол тегін берілген.

Коронавирус пандемиясы басталғалы Қырғызстанда вирус жұқтырғандар саны 90 599 адамға жетті, 86 152 адам сауығып шыққан. 1532 науқас қайтыс болған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM