Оқиға 2023 жылдың 9-қаңтарында, сағат 14:50-да орын алған. Белгісіз тұлға жасырын түрде үйдің есігін бұзу арқылы заңсыз кіріп, құрылыс құралдарын ұрлап кеткен.
Әл-Фараби АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті жердің 23 жастағы тұрғыны арызданған. Ол арызында, Шымкент қаласында орналасқан өзінің жеке үйінің есігін белгісіз тұлғалар заңсыз бұзып кіріп, ішінде болған құны 20 000-200 000 теңгенің арасындағы түрлі құрылыс құрал-саймандар мен қондырғыларды қолды еткен. Келтірілген шығын көлемі – 360 000 (үш жүз алпыс мың) теңге.
Аталған жайт ҚР ҚК-тің 188-бабы 3-бөлігінің 1-тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тәртіп сақшылары жүргізілген жедел іздестіру іс-шарасы барысында күдіктінің ізін суытпай, бір тәулік ішінде Шымкент қаласының аумағынан қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Жасы – 24-те, жұмыссыз.
Қазіргі кезде ұсталған азамат өз кінәсін толықтай мойындап отыр. Айғақты заттар тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Полиция қызметкерлері күдіктінің басқа да осы тектес жайттарға қатыстылығын анықтауда. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.
Шымкент қаласы Полиция департаменінің Баспасөз қызметі
KAZAKBOL.COM