Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Центробанк мигранттардың шетелге ақша аударуын құпиялады

KAZAKBOL.COM

Ресейдің Центробанкі еңбек мигранттарының шетелге қанша ақша аударғаны туралы мәліметті құпиялады.

Бұл жөнінде ақпарат Центробанктің ресми сайтында жазылған. Себебі айтылмаған.

Осыған дейін Ресейдің бас қаржы реттеушісі әр үш сайын шетелге аударылған ақша жайында мәлімет беріп отыратын. Соңғы рет мұндай мәліметті 2021 жылдың екінші жарты жылдығында берген.

Центробанктің ресми мәліметі тәжікстандық БАҚ үшін мигранттардың еліне қанша ақша аударатынын анықтайтын жалғыз ақпарат көзі болатын. Себебі, ресми Душанбе соңғы он жылдан бері мигранттардың аударған ақшасы жайлы заң жүзінде құпия болмаса да, ешқандай мәлімет бермейді.

Тәжік экономисі Бахром Шарифов Батыс елдері салып жатқан санкцияларға байланысты Ресей кейбір мәліметтерді жасыруға тырысып жатыр деп есептейді. Оның сөзінше, қазір тек мигранттардың ақша аударымы жайындағы мәлімет ғана емес, импорт тауарлар жөніндегі статистика да құпияланған.

Тәжікстан экономикасы еңбек мигранттарының ақшасына тікелей тәуелді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM