Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Цой: Pfizer екпесін қазан айында балалар мен аяғы ауыр әйелдер ғана салдыра алады

KAZAKBOL.COM

Қазақстанға коронавирусқа қарсы америкалық Pfizer вакцинасы қазан айында ғана жетеді, бастапқы кезеңде оны балалар мен аяғы ауыр әйелдер ғана салдыра алады. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай деп хабарлады. Видео Coronavirus2020.kz сайтының телеграм-арнасында жарияланды.

«Бастапқы кезеңде қазан айында Pfizer вакцинасын балалар мен аяғы ауыр әйелдер ғана салдыра алады деп ойлаймыз. Сол себепті оған үміт артудың қажеті жоқ, қазір барып, екпе алу керек. Қазір бізде вакциналар бар, шамамен бір аптада ДДСҰ мақұлдаған қытайлық вакцина келеді» деді Цой.

Америкалық және неміс компаниясы әзірлеген Pfizer вакцинасы бұған дейін Қазақстанға күзде жеткізілетіні хабарланған болатын. Елде сол кезде 12 жастан бастап балаларға аталған вакцина салынуы мүмкін. Вакцина ата-ана немесе қамқоршы рұқсатымен салынады дейді ресми орындар.

Шілде айының басында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Pfizer-дің екі миллион дозасы Қазақстанға мамыр айында жеткізілуі тиіс еді, бірақ «олай болмады» деп мәлімдеген. Алайда ол вакцинаның елге жеткізілмеуіне не себеп болғаны я кім кінәлі екенін ашып айтпаған.

Қазір Қазақстанда коронавирусқа қарсы қолданатын төрт түрлі вакцина бар: Қарағанды қаласында шығарылатын ресейлік «Спутник V», қазақстандық QazVac, Қытайдың Sinopharm компаниясының HayatVax екпесі (БАӘ елінде дайындалған) және Қытайдың Sinovac Biotech компаниясы жасап шығарған Coronavac вакцинасы. Оның екеуі – Sinopharm мен Sinovac Biotech екпелерін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) мақұлдаған. Қазақстанда жұрт негізінен «Спутник V» мен QazVac салғызады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM