Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Дүниежүзілік банк Қырғызстанға 150 млн доллар бөледі

KAZAKBOL.COM

Дүниежүзілік банк Қырғызстанға су шаруашылығын жақсарту үшін 100 млн доллар және Баткен облысын дамыту үшін 50 млн доллар бөледі. Ақшаның жартысы грант есебінде беріледі.

Дүнниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Татьяна Проскурякованың сөзінше, су шаруашылығына бөлінетін 100 млн доллар құбырларды жаңартуға және су ресурсын үнемді пайдалануға жұмсалады.

Дүниежүзілік банк бөлініп жатқан инвестиция су шаруашылығымен қоса, Ыстықкөл және Баткен облысын таза ауыз сумен қамтамасыз етуге көмектеседі деп есептейді.

Ал Баткен облысына бөлінетін 50 млн доллар орта және шағын бизнесті дамытуға арналған.

«Біз бөлінген ақшаны кәсібін дамытушыларға 1% өтемақымен несие береміз. Бұл өте төмен үстеме пайыз. Бұл бағдарлама аясында жергілікті тұрғындарға білім беру де қарастырылған. Сонымен бірге сауда-логистикалық орталықты дамытуға жұмсаймыз», — деді Қырғызстанның экономика министрлігінің өкілі Чоро Сейитова.

Былтыр сәуір айында Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қарулы қақтығыс болып, жалпы 55 адам қайтыс болған. Осыдан кейін Баткен облысына ерекше мәртебе беру туралы заң қабылданған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM