Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ДӘСТҮРЛІ ТАМАҚТЫ АЛМАСТЫРҒАН ФАСТ-ФУД

KAZAKBOL.COM

Әлем бойынша 6 айдан асқан сәбилердің тең жартысы, яғни 60 пайызы жұмыртқа, ет өнімдері мен қоса,  ағзаға аса қажетті дәуірмендері бар  көкөністерді жемейді екен. Мұндай деректі  балалардың құқығын қорғайтын халықаралық қор жасапты. Олардың есептеуінше, соңғы 10 жылда балалардың тамақтану дәстүрі мүлдем өзгеріске ұшыраған.  Құнарлы еттің орнына гамбургер, көкөністің орнына қуырлыған фри жейтін  ұрпақты қандай аурулар күтуде. Жалпы дұрыс тамақатанатын отбасы бар ма? Мамандар нендей кеңес береді? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Елімізде  2 жасқа дейінгі балалардың 21% -ы жемістер мен көкөністерден түсетін дәуірмендерді алмайды. Дәл осы статистика мамандарды алаңдатуда. Олардың сөзінше, соңғы 10 жылда балалардың тамақтану дәстүрі әлдеқайда бұзылған.

АЙНАГҮЛ ЕСІМОВА, ДИЕТОЛОГ:
«Қазір ата-аналар 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға түрлі пицца, бутерброд, фри беріп жатады. Салдарынан, кішкентай балалар оны дұрыс тағам деп қабылдап, жей береді.   Оның бәрі майға айналып, қант диаетбетіне, артық салмаққа алып келеді.   Бұл жерде айтарым, балалардың дұрыс тамақтануын тек ата-анадарға ғана қалыптастыра алады».

Диетологтардың айтары осы. Фаст-фуд қазір тек жасөпірімдердің ғана емес, бесіктен белі шықпаған сәбилердің де  ағзасын улауда. Оған тек түрлі жарнамадан бөлек, көбіне ата-аналардың өздері итермелейді.

«Қант, ақ нан жемейміз. Балаларымызда ұстанып жатыр»
«Достарыммен жүргенде жеймін».
«немерелер кішкентайлар чипсы кәдімгідей анда-санда жейді . отказ ете алмайсын!»

Ал, Әлия Айсаутованың балалары тез дайындаталатын тағамдарды мүлдем жемейді екен. Таңертең әдеттегідей ботқа жеп, кешкісін сорпа ішеді.  Кейіпкердің айтуынша, дұрыс тамақтануды бұрыннан әдетке айналдырған.  Сәбіз, сарымсақ, картоп, қияр, қырыққабақ балалардың ең сүйікті көкөністері.

ӘЛИЯ АЙСАУТОВА,ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«Дәуірмендер өте көп.Сәбіз, жуа, картошка, фарштың ішінде асқабақ. Баланың кешке дейін қортылып, жақсы ұйықтайды».

ЮНИСЕФ жүргізген статистикада жаға ұстатады. Мәселен әлем бойынша  алты айдан екі жасқа дейінгі балалардың 45%-на ешқандай жеміс пен көкөніс тағамдары берілмейді.  Одан бөлек 60% жуығы жұмыртқа, сүт тағамдарын, балық пен етті жемейді. Оны балалабақша қызметкерлері де растап отыр.

АҚМАРАЛ РАЙЫМҚҰЛОВА, БАЛАБАҚША МЕҢГЕРУШІСІ
«Балабақшаның берілетін тағамын балалар толықтай жемейді деуге болады. Үйдегі ата-ананың қолдауының аздығы….Балалар көбінесе фаст-фуд өнімдерін жейді. Өте үйір, өйткені ата-ана жыламасын деп алып береді. Айранның өзін ішпейді. Үйде мамаларына айтып жатамыз, қант қосып береміз дейді».

Арзан тамақтың кеңінен насихатталуы келешек ұрпаққа қауіп төндіруде.  Өйткені, дәл осы фаст фудтың салдарынан елімізде семіздікке шалдыққан балалардың да саны артуда. Сандарға сенсек бес жасқа дейінгі әрбір он баланың біреуінде артық салмақ бар. Оның қандай дертке шалдықтыратыны  айтпасақ та белгілі.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM