Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ДӘРІГЕРГЕ ЕРТЕ ҚАРАЛУ ЖӘНЕ ДИАГНОЗДЫҢ УАҚТЫЛЫ ҚОЙЫЛУЫ КӨПТЕГЕН НАУҚАСТЫҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

KAZAKBOL.COM

Алматы, 5 қараша 2018 жыл. Бас пен мойынның қатерлі ісігін ерте диагностикалау бойынша еуропалық апталық аясында ҚР онкология саласындағы жетекші мамандарымен баспасөз мәслихаты өтті. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының докторлары, институт директоры, ҚР ҰҒА Академигі Қайдарова Д.Р. жетекшілігімен баспасөз мәслихатында бас пен мойынның қатерлі ісігін ерте анықтау бойынша 6 қалада жүзеге асырылған бағдарламаның нәтижелері, бас пен мойынның қатерлі ісігінің ерте белгілері, негізгі тәуекел факторлары мен осы дерттің алдын алу шаралары, сонымен бірге бас пен мойындағы қатерлі ісіктерді алып тастау бойынша бірегей операциялар жөнінде айтты.

ҚР бас пен мойынның қатерлі ісігін ерте диагностикалау бойынша еуропалық апталыққа төртінші жыл қатарынан қатысып отыр. Шара Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің эгидасы бойынша, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты мен Бас пен мойын ісіктері жөніндегі Қазақстан мамандарының қауымдастығының белсенді қатысуымен және немістің «Мерк» компаниясы мен швейцариялық «Ацино» компаниясының қолдауымен өтіп жатыр. Бас пен мойынның қатерлі ісігін ерте диагностикалау бойынша еуропалық апталықтың мақсаты – бірінші буын дәрігерлері мен тұрғындарды бас пен мойын ісігінің ерте белгілері туралы хабардар ету. Бұл өз кезегінде адамдардың медициналық қызметкерлерге уақтылы қаралуына, сонымен бірге диагноздың уақтылы қойылуына және науқастарды арнайы жәрдем алуға бағыттауға септігін тигізеді.

2018 жылы Қазақстанда бас пен мойын ісігін ерте диагностикалау бағдарламасына 6 қаладағы 8 онкологиялық орталық қатысып, 500-ден астам адам қаралды, 32 науқастан (6,2%), 211 адамнан сипатты емес патология (40,8%), қалғандарынан (53,0%) мұрын, құлақ және ауыз қуысында патология анықталмады. Пациенттердің көбі Алматы мен Астанада 150 адамнан тексерілді.

«Отолорингологтар мен стоматологтарды оқытуға басты назар бөлеміз. Жекелеп айтқанда, онкосақтық және бас пен мойын ісігін ерте диагностикалау – басты назарда. Тұрғындарды оқыту және оларды тегін қарау Алматы, Астана, Шымкент, Семей, Ақтөбе мен Қарағанды қалаларында өтті. Науқастардың көбі бізге аурудың III-IV сатыларында қаралады. Емдеудің тиімді әдістерінің болуына қарамастан, бас пен мойын ісігіне шалдыққан науқастар арасында диагноз қойылғаннан кейін бір жыл ішінде өлім-жітім көрсеткіші 50 пайызға тең. Ал, уақтылы диагностика мен емдеу жағдайында аман қалу көрсеткіші — 80-90 пайыз», — дейді Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының докторлары институт директоры, медицина ғылымдарының докторы Диляра Қайдарова.

Республиканың алты ірі қаласы – Астана, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Семей мен Шымкентте өткен науқанның бірінші кезеңі аясында 500-дей стоматолог, ЛОР-дәрігер мен онколог Ресей мен Қазақстанның жетекші мамандарынан білім алып, біліктілігін көтерді.

Осы жобаның екінші кезеңінде жоғарыда аталған 6 қалада тұрғындар онкологиялық диспансерлер мен поликлиникалар негізінде тегін қаралды. Науқастарды көппәнаралық мамандар командасының тегін қарауы қатерлі ісігі бар адамдарды анықтап, оларды ары қарай диагностикадан өткізу мен емдеуге мүмкіндік берді.

ТМД-дағы «Мерк» биофармацевтикалық бөлімшесінің бас директоры Роджер Элиа (Roger Elia), былай дейді: «Жыл сайын Қазақстанда бас пен мойын қатерлі ісігіне шамамен 2 мыңдай адам шалдығады. Бас пен мойынның қатерлі ісігімен ауыратын науқастардың өліміне көбінесе дерттің кеш диагностикасы себеп болады. Ал, кеш диагностикалауға бір жағынан, тұрғындардың ауру мен оған шалдығу факторлары туралы аз хабардар болуы, екінші жағынан, бірінші буын дәрігерлерінің білім деңгейінің жеткіліксіз болуы, түрлі мамандықтары бар дәрігерлердің арасында қажетті үйлесімділіктің болмауы себеп. Стоматологтар мен отоларингологтарды оқыту тар шеңберлі мамандарға онкосақ болуға және қауіпті белгілерді байқаған жағдайда, дереу тексеріс жүргізіп, уақтылы диагноз қоюға мүмкіндік береді».

Бас пен мойын қатерлі ісігі көмей, ауыз қуысы, жұтқыншақ және мұрын мен мұрын айналасындағы қуыстар, сілекей бездерінде орналасады. Жыл сайын әлемде бас пен мойынның жайпақ жасушалы қатерлі ісігіне шалдығудың 600 мың жаңа оқиғасы тіркеліп, науқастардың теңдей жартысы жыл сайын о дүниеге аттанады. Бас пен мойын қатерлі ісігінің асқынуына себеп болатын жағдайлар:

* науқастардың 6,5 пайызында дерт ешқандай белгісіз өтеді немесе оның белгілері аз байқалады;

* науқастардың 17,5 пайызының бас пен мойында қатерлі ісіктің болуы мүмкін екенінен хабарсыздығы және өз бетінше емделу;

* 25,5 пайыз жағдайларда кең бейінді дәрігерлердің (терапевт, хирург) онкосақтығының жеткілісіз дәрежеде болуы;

* 50,5 пайыз жағдайларда оториноларингологтар мен стоматологтардың ағаттығынан болады.

Бас пен мойынның қатерлі ісігін оның өте кеш сатысында емдеу күрделі. Айта кетсек, мүгедектікке әкелетін және науқастың өмір сүру сапасын нашарлататын операциялар жасалады. Дерттің ерте диагностикасы және адекватты ем тағайындау науқастың айығу мүмкіндігін арттырады.

«Бас пен мойынның қатерлі ісігін және оған әкелетін ауруларды ерте анықтау — емдеу нәтижелеріне ықпал ете алатын және науқастың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін маңызды фактор. Осыған байланысты тұрғындарды дерт туралы хабардар етуге арналған және алдын алу сипатындағы шараларды өткізу бас пен мойынның қатерлі ісігіне шалдыққан науқастардың өмірін болжау үшін аса маңызды. Біз осындай әлеуметтік

маңызды белсенділікті қолдауға әзірміз», — дейді «Ацино» компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Людмила Жангельдина.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM