Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Дәрігерлер ақыл-есі ауысқан деп санаған азамат жеке кәсібін ашып, үш баласын асырап отыр (фото)

KAZAKBOL.COM

Дос Төлегенов. «Хабар» арнасынан кадр

Қарағанды облысының Нұра ауданына қарасты Қараой ауылында тұратын Дос Төлегенов сотта өзінің еңбекке жарамды екенін дәлелдеген. Сал ауруына шалдыққанымен басқа мүшелері сау деп хабарлайды «Хабар» арнасы.

Осылайша ол тұрмыстық техникалар жөндейтін шеберхананы іске қосып, жерлестерінің қажетіне жарап отыр. Дос Төлегенов сал ауруына шалдығып, жастайынан арбаға таңылған. Соған қарамастан еңбекке ерте араласты. Алғашқы ұстазының баулуымен 7-8-сыныптарда тұрмыстық техникаларды жөндей бастады.

Кейін мұны кәсіпке айналдырып, үй іргесінен шеберхана ашқан. Тапсырыс өте көп. Оның барлығын тапжылмай отырып тындыруға белі шыдамайтын шебер, жұмысын жантайып жатып жасайды.

«Осыған қосып автоэлектрик ашам ба дегенмін. Сосын жұмыскерлер аламын ба деп ойладым. Сондай-сондай жоспарларым бар», — дейді Қараой ауылының тұрғыны Дос Төлегенов.

Дос ерік-жігерінің арқасында жеңілмей келеді. Әуелде оған ақыл-есі кем деген диагноз қойған дәрігерлер де болыпты. Бірақ кембағал жан бұған көңілін түсірмей, білімді, қабілетті екенін сотта дәлелдеп шықты.

Осыдан 10 жыл бұрын Дос шаңырақ көтерген. Қазір жұбайымен бірге алтындай үш баланы тәрбиелеп отыр. Елдің мүсіркегенін жаны қаламайтын қайратты жігіт бүлдіршіндерін де үнемі еңбексүйгіштікке тәрбиелеумен келеді.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM