Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Дәрігерлер бір аяғын кесіп тастаған биші сахнаға қайта оралмақшы (фото)

KAZAKBOL.COM

Фото: Экспресс К

Бір аяғынан айрылған қазақстандық биші Дмитрий Ким өзінің үмітін үзбей, әлі де би өнерін тастамайтынын айтты деп хабарлайды Экспресс К басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.

Жас биші өнер жолында өз жолын тауып, танымал биші ретінде шетелге де танылады. Мәскеуге барып, шоу бизнестің шыңын бағындармақ болған ол Анита Цойдың балеті мен «Винтаж» тобының құрамында жұмыс істеген. Кейіннен ол АҚШ-қа өзінің білімін толықтыруға аттанған. Ол жақта да оның өнері сұраныста болды.

Фото: Экспресс К

Лос-Анджелесте жүргенде оның үстіне қабырға құлап, оның аяғы қатты зақымданады. Нәтижесінде оған төрт рет ота жасалып, аяғын дәрігерлер тізесіне дейін кесіп тастайды. Қатты қайғырған биші тіпті өз-өзіне қол жұмсамақ та болады.

Ол өзінің желідегі парақшасында мұның барлығын жеңіп, әлі де бишіліктің биігіне жетуді мақсат тұтып отыр.

«Мен әр елдегі достарыма ризамын. Олар маған жылу сыйлап, жанымда болды. Естеріңізде болсын, тығырыққа тіреліп, артқа қайтар жол болмаған кезде, өмірді жаңадан бастауға мүмкіндік болады. Оңай болмасы анық, бірақ біз сол үшін өмір сүреміз. Біз мұндай кездері еңсемізді тіктеп, ары қарай жүруіміз керек», — деп жазды ол.

Бүгінгі таңда Дмитрий Кимнің достары оның қайта билеуіне мүмкіндік беретін протезге ақша жинап жатыр. Ал бишінің өзі болса, сахнаға қайта шығу қолынан келетініне сенімді.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM