Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Дүйсенова ауыл жастарына шүйліккен Божконы орнына қойды

KAZAKBOL.COM

Тамара Дүйсенова. Фото: kapital.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова  Владимир Божконың неліктен ауыл жастарына киліккенін білмей таңқалды. Айтуынша, Қазақстан азаматтарының ел ішінде көшіп-қонуы — заңды құқықтары. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Үлкен қалалардағы бос жұмыс орындарына, оқуға ауыл жастарын тарту керісінше мемлекет саясаты деген министр Мәжіліс вице-спикері Владимир Божконың ауыл жастарының қалаларға көшін тоқтату туралы бастамасы заңға қайшы екенін айтты.

Тамара Дүйсенова әріптесінің не себепті бұндай даулы мәлімдеме жасағанын білмейді. Бір анығы, депутаттың кешегі зілді сөзі Дүйсенованың үкіметке әкелген көші-қон туралы заң тұжырымдамасымен да қарама-қайшы екен.

«Мен енді ол кісінің айтқанына комментарий бере алмаймын. Бәлки, басқа мәселеде айтылған болуы керек. Біз қазір ауыл жастарын оқуға тартып, қай жерде жұмыс күші керек болса, жұмысқа тарту мәселесін қарастырып жатырмыз», — деді Тамара Дүйсенова.

Осындай талаптары бар заң жобасы жақын арада тағы сол Мәжіліс төрағасының орынбасары Божконың алдына барады. Елдің көші-қон саясаты туралы заңының концепциясында ішкі миграциямен қатар, қиырдағы қандастардың көшіне қан жүгіртетін бірқатар жағымды жаңалықтары бар. Мәселен, атамекенге оралуды қолдан қиындатып келген соттылық туралы анықтама енді қажет емес. Дәлірегі ол үшін енді көшпен әуре боп жүрген азамат жүгірмейді.

Сондай-ақ, Қазақстан қиырдағы қазақтардың уақытша болса да атамекенге келіп қызмет етуіне шекараны ашпақ. Еңбек нарығында олар жұмыс мигранты саналмайды. Еліміз тіпті жақын арада шетелдегі білікті қазақтарды ортақ базаға тіркеп, арнайы алдыртып, ел игілігіне жұмыс істетуді жоспарлап отыр.

«Егер де білікті, жоғары білімі бар мамандар осында келіп жұмыс істеймін десе жұмыс берушілерге берілетін рұқсаттары тегін болады. Тегін уақытша жұмыс істеуге немесе 10 жылға дейін жұмыс істеуге мүмкіншілігі бар, одан кейін ол азаматтың біздің елдің азаматтығын алу-алмауы өзінің құқығында болады», — дейді министр.

Министрлік қандастардың сол елдердегі жұмыс өтілін де ескеріп, зейнетақы тағайындау мәселелерін қарастырып жатыр екен.

Айта кетсек, зейнеткерлікке шығып, елге оралған азаматтар бұл жақта небәрі 10-12 мың теңге зейнетақы алады.

Осылайша күллі әлемге шашыраған қазақтарды атамекенге қайтару саясатының сапасы артуы тиіс. Өткен жылдың өзінде қиырдан 17 мыңға жуық қазақ отбасы көшіпті. Бұл 2015 жылдың көшінен жеті есеге артық.

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM