Дастан Оразбеков пен Жанар Дұғалова. Фото: Instagram
Өнер әлемінде бір-біріне ғашық болып, отбасыларын тастап жатқан әртістер саны күн санап көбеюде. Мұндай жаңалыққа халық та үйреніп қалды. Бірнеше күн бұрын Instagram желісіндегі Kazak_star парақшасында Дастан Оразбеков пен Жанар Дұғалованың құшақтасып тұрған суреттері де көпшілік пікірін сан — саққа жүгірткен. Аталған суретке қатысты халықтың болжамына Дастан өзі жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.
«Мен өз жарыммен бақыттымын, есімі оның — Жанат. Елді алдап адам болмайсың. Санаң бола тұра санасыз тірлік жасағаның, надандықтың белгісі деп білемін. Ұйып тұрған отбасына іріткі салудың қажеті не?
Бұл «маxаббатым жүрегімде» телеxикаясына арнайы жасалған фотосессиядан алынған сурет», — деп жазған ол.
Дастаннан мұндай мәлімдеме күтпеген тыңдармандары әншіге шынайылығы үшін алғыстарын білдірді.
KAZAKBOL.COM