Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ферғаналық зауыт жұмысшы әйелдің өз-өзін өртеу себебін түсіндірді

KAZAKBOL.COM

Өзбекстандағы Ферғана мұнай өңдеу зауыты бір жұмысшысының кәсіпорын аумағында өз-өзін өртеуіне байланысты мәлімет таратты.

Кәсіпорын дерегінше, ол жұмыстан шығарылмаған, бірақ сол күні оны күзетшілер куәліксіз зауыт аумағына кіргізбей қойған.

«2 тамызда сағат 7:37-де Санобархан Хайдарованы кәсіпорын аумағына кіргізбеген, өйткені оның тиісті куәлігі болмаған. Қызмет тәртібін сақтаған күзетшілер әріптесін ішкі кіргізуден бас тартқан», – делінген ферғаналық зауыт баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

Кәсіпорын денесін күйік шалған жұмысшыға, оның отбасына көмектескенін, сонымен бірге құқық қорғау органдары мен Ферғана облысының әкімдігіне осы оқиғаны тексеруге жағдай жасағанын хабарлады.

«Санобархан Хайдарова күзет қызеткерлерінің әрекетіне дөрекі жауап берді. Сосын тысқа шығып кетті. Зауытта осы әрекетті дәлелдейтін бейнематриалдар бар. Бір сағаттан соң, 8:31-де, Санобархан Хайдарова қайта оралып, үстіне бензин құйды. Зауытқа кіреберісте ол өз-өзін өртеуге әрекеттенді. Бұны байқаған күзетшілер оған кедергі жасауға талпынды. Алайда жұмысшы от жағып үлгерді, оның киімі өртенді. Күзет қызметкерлері өрт сөндіру құралдарымен отты сөндірді. Алайда оған көмек көрсетем дегенше денесінің бірақ жері күйіп қалды», — делінген зауыт мәлімдемесінде.

Еске салайық, 2 тамызда Ферғана мұнай өңдеу зауыты аумағында жұмысшылардың бірі үстіне бензин құйып, өз-өзін өртеді. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, 47 жастағы әйел жұмыстан шығып қалуына байланысты осындай қадамға барған.

Өзбекстан Бас прокуратурасының хабарлауынша, осы оқиғаға қатысты тергеуге дейінгі тексеру жүріп жатыр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM