Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ташкентте 9-қабаттан басына бетон сынығы құлаған әйел көз жұмды

KAZAKBOL.COM

10 тамызда Ташкентте тоғызыншы қабаттан бетон сынығы басына құлап, жансақтау бөліміне түскен 55 жастағы Дильбар Юнусова көз жұмды.

Марқұмның туыстарының сөздерінше, бес күн бойы әйел комада жатып, есін жинамай өмірден озған. Дильбар Юнусованы 11 тамызда жерлеген.

«Оған ота жасады. Ота өте ауыр болды, оның ағзасы шыдамаған секілді. Ол жұма күні, кешкі сегіздер шамасында көз жұмды. 11 тамызда «Тешик копкок» моласына жерледі», – деді марқұмның туыстарының бірі.

Озодлик радиосы (Азаттықтың өзбек қызметі) осыған дейін 5 тамызда Ташкенттің Сергели ауданы, №26 үйдің 9-қабатынан бетонның сынығы Дильбар Юнусова деген тұрғынның басына құлап, ауруханаға түскенін хабарлаған.

Дильбар Юнусованың үлкен қызы Наргизаның айтуынша, қайғылы оқиға болған күні, анасының жанында 6 жастағы немересі болған. Бірақ ол зардап шекпеген.

Марқұмның көршілері тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын дұрыс жүргізбеген құрылысшыларды кінәлайды.

«Бұл үйге бастан-аяқ жөндеу жұмыстарын жүргізген. Бірақ құрылысшылар өте нашар жұмыс істеді. Қазір бәрі құлап, түсіп жатыр», – деді марқұмның көршісі.

9-қабаттан бетон сынығы 55 жастағы Дильбар Юнусованың басына құлап түскен.
7 тамызда құқық қорғау қоғамының өкілі Шахрух Эшанхаджаев Дильбар Юнусованың отбасына көмектесуге уәде берген.

Бірақ 12 тамызда марқұмның туыстары әлі күнге дейін мемлекеттік органдар тарапынан ешқандай көмек болмағанын айтады.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM