Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ферғана мұнай өңдеу зауытының жұмысшысы өз-өзін бензинмен өртеді

KAZAKBOL.COM

2 тамызда Ферғана мұнай өңдеу зауыты аумағында кәсіпорынның бір жұмысшысы үстіне бензин құйып, өз-өзін өртеді. Бұл туралы Ферғана облысының прокуратурасы хабарлады.

Бас прокуратура баспасөз хатшысы Хает Шамсутдиновтің айтуынша, Ферғана қаласының прокуратурасы осы оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

«Даре» басылымының хабарлауынша, 47 жастағы әйел жұмыстан айырылып қалуына байланысты осындай қадамға барған. Мәліметтерге қарағанда, сол күні оның зауытқа кіру куәлігін тартып алған.

Басылым мәліметінше, әйел өртене бастаған уақытта оған ешкім көмектесе алмаған — зауытқа кіреберісте өрт сөндіретін құрал болмаған. Соның салдарынан зауыт жұмысшысының денесі қатты күйіп қалды.

Бас прокуратураның хабарлауынша, осы оқиғаға қатысты тергеуге дейінгі тексеру жүріп жатыр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM