Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ДДСҰ басшысы: өмірден айрылғанша, мерекеден бас тартқан дұрыс

KAZAKBOL.COM

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың «омикрон» штамы мереке күндері одан сайын тез тарауы мүмкін екенін ескертті.

«Мерекеден бас тарту өмірден айрылудан әлдеқайда жақсы», — деп мәлімдеді ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесус. Женевадағы брифингте ол коронавирустың жаңа түрі тез таралатынын, вакцина қабылдағандар мен вируспен бұрын ауырғандарға да жұғатынын айтты.

АҚШ ауруды бақылау және алдын алу орталығының мәліметінше, өткен аптада коронавирус жұқтырғандардың 73 пайызынан Омикрон анықталған.

Коронавирустың жаңа штамы қараша айының соңында Оңтүстік Африка Республикасында тіркелген.

Әлем елдері «омикроннан» сақтану шараларын күшейтіп жатыр. Ақ үйдің хабарлауынша, президент Джо Байден үкіметі мереке күндері локдаун енгізуді жоспарламаған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM