Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ДДСҰ басшысы маймыл шешегінің жылдам тарауына байланысты төтенше жағдай жариялады

KAZAKBOL.COM

ДДСҰ бас хатшысы Тедрос Гебрейесус сенбі күні маймыл шешегінің жылдам тарауына байланысты төтенше жағдай жариялады. Соңғы мәлімет бойынша, мамырдан бері әлемнің 70 елінде 16 мыңнан астам адамға ауру жұққан.

ДДСҰ-ның төтенше жағдай жариялауы үкіметтер қандай да бір шектеу шараларын енгізеді дегенді білдірмейді, алайда ол кейбір қадамдарға, мысалы вакцинацияға көбірек қаржы бөлуге итермелеуі мүмкін.

Мәселе жануарларға да, адамдарға да қатар жұғатын инфекциялық ауру жайлы болып отыр. Ол кәдімгі шешек ауруына ұқсас. Алайда оған қарағанда жеңілірек өтеді. Оны жұқтырған адамның дене қызуы көтеріліп, бұлшықеттері ауырады, денеде бөртпелер пайда болады. Әзірге оны емдейтін дәрі жоқ. Әдетте ол үш-төрт апта ішінде өтіп кетеді, алайда адам өлімі де тіркелген.

Гебрейесустың айтуынша, ДДСҰ комитетінің мүшелері аурудың жылдам тарауына байланысты ғаламдық деңгейде төтенше жағдай жариялау мәселесі бойынша ортақ қорытындыға келе алмаған. Сондықтан шешімді өзі қабылдаған. Аурудың тарау деңгейі әр аймақта әрқалай, өзге елдерімен салыстырғанда Еуропада жоғарырақ.

Маймыл шешегі алғаш рет 1958 жылы анықталған. Биыл мамырға дейін вирус негізінен Африкада таралып келген. Алайда мамыр айында Еуропада жылдам тарала бастаған. Науқастардың басым бөлігі 18 бен 50 жас аралығында.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM