Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ДДСҰ: жазда Еуропада «маймыл шешек» жұқтырғандар көбейеді

KAZAKBOL.COM

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық бюросы жаз айларында аймақта «маймыл шешек» дертін жұқтырған науқастар көбеюі мүмкін екенін ескертті.

«Еуропада жаз маусымы басталғанда көп адам қатысатын іс-шаралар жиі болатынын ескерсек, сол кезде вирус тез тарап кете ма деп қауіптенемін», — деп мәлімдеді ДДСҰ аймақ бюросының директоры Ханс Клюге. Оның айтуынша, дерт науқаспен тығыз байланыс жасаған уақытта жұғады.

Германиядағы Роберт Кох институтының докторы Фабиан Леендерц «маймыл шешегінің» таралуын эпидемия деп атады, бірақ індет тез аяқталады деп болжады. «Қазір науқасты тез анықтап, оны оқшаулауға мүмкіндік бар. Бұған қоса, бізде қажет болған жағдайда қолданатын дәрі мен сапалы вакцина бар», — дейді Леендерц.

«Маймыл шешек» ауруымен байланысты жұқпалы ауру осыған дейін орталық және батыс Африка елдерінде ғана анықталып келген. Бірақ жуырда ол Ұлыбритания, Испания, Португалия, Италия, АҚШ, Швеция, Канада, Австралия және өзге елдерден анықталды.

Вирус приматтар және өзге де жабайы аңдардан тараған. Оған шалдыққан адамның дене қызуы көтеріліп, денесі ауырып, қалтырайды. Ауру ушықса, адамның денесі мен беті бөртіп кетеді.

Адам өлімі 10 жағдайдың бірінде кездеседі. Көбіне жас науқастар арасында өлім көп. Әзірге маймыл шешек ауруынан емдейтін дәрі жоқ, бірақ шешек ауруына қарсы вакцина вирустан қорғайды дейді дәрігерлер.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM