Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Денсаулық сақтау министрі: қаңтардағы қақтығыстардан қаза болғандар саны 227 адам болды

KAZAKBOL.COM

Қазақстандағы ауруханаларда қаңтардағы қақтығыстарда зардап шеккен тағы екі адам көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

«Медициналық ұйымдарда 177 науқас қайтыс болды», – деді Ғиният 18 қаңтарда.

Бұның алдында денсаулық сақтау министрлігі медициналық мекемелерде қақтығыстар барысында зардап шеккен 175 адам қайтыс болғанын хабарлаған.

Бас прокуратураның 15 қаңтардағы мәліметінше, мәйітханаларға 225 адамның мәйіті түскен.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, «елде террористік шабуыл басталғалы 2739 адам медициналық көмекке жүгінген».

Стационарда 200 адам емделіп жатыр, 14 науқастың жағдайы ауыр, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстандағы ең ірі Алматы қаласында наразылық кезінде 149 азамат және құқық қорғау органдарының 11 өкілі көз жұмған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM