Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Денсаулық әркезде дәрігердің көмегімен келмейді

KAZAKBOL.COM

Денсаулық әркезде дәрігердің көмегімен келмейді,

Негізгі бөлігі көңілдің жайлылығынан,

Жүрек пен жан тыныштығынан келеді.

Ол күлкі мен махаббаттан келеді,

Ақымақ адам жақындарын қайта тәрбиелегісі келеді,

Ақылды адамдар жақындарына үйреткісі келеді,

Тек данышпандар ғана адамдарды сол қалпында жақсы көреді.

Адамдарға өкпе сақтама,

Ол байлық емес!

Мүмкіндік өмірде бір рет берілмейді,

Бір рет берілетін ол-өмір!

«Барлығы жақсы болады»-деп айт,

Орындалады ол, өзіңе өзің сенсең!

Алға ұмтыл,бір нәрсені есіңде сақта,

Тағдырыңды өзгерту -өз қолыңда!

Армандауды қойған кезде,

өмір тоқтайды.

Сенуден қалған кезде,

үміт үзіледі.

Аяламасаң махаббат өледі

барыңмен бөліспесең,

достық жоғалады.

Көзіңмен көрмейінше

құлағың естігенге сенбе!

Өтеді күн, өтеді сағат,

Барлығы оның мәңгілік емес.

Өмір аяусыз үйретеді оны,

Өмірдің тез өтетінін.

Барыңды бағалау үшін,

Берілгенді сақтау үшін,

Өмір деген нәзік жіп,

Оқыста кейде үзілетін.

Адамдардың көңіліне шеге қағарда,

кешірім сұрап, шегені алған күннің өзінде ол жерде терең жарақат қалатынын есіңде сақта!

Бақыт деген-ол сенің балаларыңның жағдайы жақсы және олар үшін жүрегіңнің ауырмағаны!

Басыңа қиындық түскен кезде балаларыңды құшақта,

Олар жаныңда, аман-есен, денсаулығы жақсы болса ,

Басқа қиыншылықтың түкке тұрмайтынын түсінесің!

Рабига Сыргабаева

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM