Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Депутаттар «Нұрлы жер» бағдарламасында бір қауіптің барын айтты

KAZAKBOL.COM

Скрин: 31 арна

Депутаттар «Нұрлы жер» бағдарламасында бір қауіптің барын айтты деп хабарлайды 31 арна.

«Әр қазақстандыққа тегін жер телімі берілсін» деп жұрт шу шығарған соң, президент арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырғаны естеріңізде болар. Үш айдан кейін «Нұрлы жерді» үкіметте таныстырған министрлік бүгін бағдарламаны депутаттар алдына алып келді.

Мәжілісмендер құжатқа қарсы емес, бірақ бір қауіптің барын айтып қалды. Сондай-ақ,жаңа жылдан кейін  депутаттар ел-жұртты өздері  аралап,  бағдарламаны халыққа өзіміз түсіндіріп береміз деп білек сыбанып отыр.

Елде 2 жарым миллионға жуық адам үй-күйсіз. Жартысынан көбі тегін телімге телміріп, жер үй сұрап отырса, қалған 1 миллиондайы пәтерге дәмелі. Жаңа «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бұқара ипотеканы енді 10 пайызбен ала алады.

Ай сайын Астана мен Алматы тұрғындары баспанасы үшін 160 мыңдай төлесе, өзге өңірдегілер 115 мың банкке беріп отырады. Министрлік су тегін деген соманы естіген депутаттар дүрсе қоя берді.

«Қолжетімді дегенге мен сене алмаймын. Мұғалімдер мен дәрігерлердің орташа жалақысы 70 мың теңгенің көлемінде болса, ай сайын 200 мың теңгені халық қайдан алады? Салып жатқан үйлерінің де сапасы жоғары емес», — деп өз пікірін білдірді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаева. 

Жалпы бағдарламаға 1,8 трлн теңге жұмсалады. Орындалу ойдағыдай болса, үй-күйсіз жүрген 2 жарым миллион адамның 1 жарымы баспаналы болып қалмақ.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM