Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Дереккөздер: Мирзияевтің жол апатына түскен күйеу баласы шетелде емделіп жатыр


Өзбекстан президентінің қауіпсіздігі қызметі төрағасының орынбасары, 36 жастағы Отабек Умаров арнайы медициналық ұшақпен шетелдегі бір клиникаға жеткізілген. Мәліметті «Озодликтің» екі бірдей дереккөзі растады.

Дереккөз мәліметіне қарағанда, 13 ақпанда жол апатына түскен Отабек Умаровты 15 ақпанда арнайы рейспен Мәскеуге, одан соң Оңтүстік Кореяға жеткізген.

«Оходликтің» үкіметке жақын тағы бір дереккөзінің мәлімдеуінше, «науқастың қалауымен оны Оңтүстік Кореядағы жекеменшік клиникалардың біріне жеткізген».

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің күйеу баласы Отабек Умаров 13 ақпанда кешке Ташкент орталығында жол апатына ұшырады.

Умаров қайын атасының аймақтарға сапары кезінде үнемі соның қасында жүретін. Алайда президенттің Наманган облысына 18 ақпандағы сапары кезінде Умаров көрінбеді.

Әлеуметтік желілерде Отабек Умаровтың миллионнан астам оқырманы бар. Олардың дені бір аптадан бері Отабектің тезірек жазылып кетуін тілейтінін желіде жазған. Дегенмен Өзбекстанның ресми және ресми емес баспасөзі жол апаты туралы ештеңе хабарламады.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM