Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Әділдік жолында «күресіп» жүрген Әли Оқапов шоу-бизнестің бар былығын жайып салды

KAZAKBOL.COM

Әли Оқапов. Фото: Интернет желісінен

Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқапов отандық шоу-бизнестің шындығын жазып, музыка әлеміндегі ақиқат үшін күресетінін жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

«Бір күні мен сахнадан кетемін. Күресуден жалыққан сәтте. Себебі біздің сахна – ол тұнып тұрған күрес, нағыз шығармашылық пен сапа жолындағы күрес. Қырғыз, өзбек, түрік немесе румын әндерін ұрлауға қарсы күрес. Тыңдарман үшін және өз орныңды табу жолындағы күрес. Күндердің күнінде біз өз әндеріміз бен әртістерімізді ажыратып алуды және бағалауды үйренеміз. Шансон мен қазақ мәтіндерінің шығармашылықтың шыңы емес екенін халық түсінетін кез келеді. Сол кезде фонограммамен жеке ән кешін беру, алуан түрлі киім мен сахналық мейкке ғанат мән беру ұят болып саналады. Сахнада әртіс пен оның дауысы ғана қалады. Сол кезде біз әннің жұрнағы қалмаған осы кезеңнің нағыз масқара екенін, ән айту мәдениетінің төмен екенін білетін түсінетін боламыз», — дейді қазіргі шоу бизнестің бар былығын тізіп жазған әнші.

Әли күндердің күнінде өнер әлемін көркемдік кеңес назарына алып, рейтинг үшін жасалған арзан дүниелер болмайтынына сенім білдірді.

«Еліміздің бас сахналары мен телеарналарында рейтинг үшін арзан дүниелерді жасауға рұқсат бермейтін көркемдік кеңес пайда болады. Әртістердің аға буыны музыкадан гөрі тамақ пен шылым шегу маңызды саналатын алаңда жүгіріп жүрмейді. Сол кезде біз ғаламның үздіктері қатарында боламыз. Себебі біз оған лайықтымыз», — дейді ол.

Әнші шындық пен ақиқат, сапа мен шығармашылық үшін күресетінін, бірақ күндердің күні күресуден шаршағанда өзінің де сахнадана кететінін мәлімдеді.

«Ал әзірше біз шындық пен сапа, ақиқат пен талант, құрмет пен сыйластық, музыка мен шығармашылық үшін соғыса беретін боламыз. Бұл күрестің әскері — әртістер. Мен бұл сапта ата-анам мен музыканттар үйреткен құндылықтарды қорғауға дайынмын. Күресу мен дәлелдеуден шаршаған күні менде кетемін», — дейді ол.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM