Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Діни басқарма Мұхамеджан Тазабековке қатысты пікірін айтты

KAZAKBOL.COM

Қазақстанның бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы

Діни басқарма еліміздегі салафизм ағымына қосылғандардың портретін жасады деп хабарлайды КТК арнасы.

Жат ағымның жетегінде кеткендердің басым бөлігі ауылдан шыққан 25-30 жас аралығындағы азаматтар. Әрі көбі жағдайы төмен отбасыларда тәрбиеленген және жұмыссыз бос жүргендер. Олар радикалды бағыттағы шейхтарды пір тұтып, солардың уағызын тыңдаған.

«Ең бірінші себебі бұл білімсіздік. Көбісі интернеттен дәріс алады. Оның ар жағында кім отырғанын білмейді. Сондықтан имам, теологтармен, жеке әңгіме барысында, олар өздерінің исламнан толық хабардар емес екенін, қайдағы бір интернеттегі мәліметтерді өздеріне сіңіргенін мойындады», — дейді бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Сондықтан мүфтиат лаңкестігі үшін сотталған 400 астам адамды бөлек түрмеде ұстауды қолдап отыр. Тіпті түрмелерге барып дінінен адасқандарды райынан қайтарып жүр екен.

Сондай-ақ, Діни басқарма Бас мүфти ауысады деген ақпаратқа қатысты да мәлімдеме жасады. Өйткені соңғы күндері «Асыл арна» телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабеков Діни басқармаға басшы болып тағайындалады екен деген ақпарат тараған.

Басқармадағылар болса қазіргі төраға Ержан қажы Малғажыұлы қызметтен кетпейді деп отыр. Оның үстіне Бас мүфти болатын адам ханафи мәсхабын ұстануы керек дейді.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM