KAZAKBOL.COM

АҚШ президенті Дональд Трамп 17 жыл бұрын United Airlines ұшағы құлаған жерге жақын орналасқан Пенсильвания штатының Шэнксвилл мемориалдық паркіндегі еске алу жиынына қатысты. Ол құрбан болған жолаушыларды қастыққа қарсы күрескен қаһармандар деп атады.

Ұшақта бары 37 жолаушы, оның ішінде төрт террорист және 7 экипаж мүшесі болған. Ұшақ жолда құлаған. Ресми мәлімет бойынша, ұшақ құлаған жерден вашингтондық Капитолияға дейін небәрі 20 минөт қалған.

АҚШ-та 11 қыркүйек – 2001 жылдың 11 қыркүйегінде Нью-Йоркте, Вашингтонда және Пенсильвания штатында орын алған теракті құрбандарын еске алу күні.

17 жыл бұрын «Әл-Каида» ұйымының жанкештілері жолаушылар ұшағын айдап әкетіп, Нью-Йорктегі Дүниежүзі сауда үйінің ғимаратын, Вашингтон жанындағы Пентагон ғимаратын соққан. Үш мыңға жуық америкалық және өзге елдердің азаматтары қаза тапты. Олардың ішінде Пенсильвания штатына құлаған ұшақтағы жолаушылар да бар.

Нью-Йоркте Дүниежүзі сауда үйінің егіз мұнарасы болған орынға терактіден тірі қалғандар мен қаза тапқандардың туыстары келіп, еске алды.

centralasian.org

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, здесь напишите ваш комментарий!
Пожалуйста, здесь введите ваше имя