Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Думан Мұхаммедкәрім «экстремизмді қаржыландыру» бабы бойынша күдікті деп танылды

KAZAKBOL.COM

Журналист Думан Мұхаммедкәрім 48 сағатқа қамауға алынды, бүгін кешке не ертең оны 2 айға қамау туралы сот өтеді. Бұл жөнінде журналистің адвокаты Ғалым Нұрпейісов Азаттыққа хабарлады.

Оның айтуынша, журналист «экстремизмді қаржыландыру» және «тыйым салынған ұйымның ісіне араласу» бабы бойынша күдікті деп танылған. Істің қозғалуына журналистің қуғындағы экс-банкир Мұхтар Әблязовтан сұхбат алуы түрткі болған деп айтылады.

Адвокат Ғалым Нұрпейісовтің айтуынша, жуырда ғана аштығын тоқтатқан Думан Мұхаммедкәрімнің денсаулығы нашарлаған. Бір күн бұрын изоляторда бүйрегінен “приступ” ұстаған. Оған медициналық тексеруден өтуге рұқсат берілмеген. Қазір журналист Іле аудандық полиция басқармасының уақытша қамау изоляторында отыр.

Бүгін, 22 маусымда ол 25 күн әкімшілік қамаудан кейін шығуы тиіс болатын. Алайда “экстремизмді қаржыландыру” және “тыйым салынған ұйымның ісіне араласу” баптары бойынша қылмыстық істе күдікті танылған журналисті тергеушілер изолятордан жібермеген.

Полиция басқармасының алдында туыстары мен жақтастары журналисті босатуды талап еткен. Жақтастары басқармадан шыққан көлікті шығармай, жолын бөгеуге тырысқан. Бір сәт екі жақ жұлқысып та қалды. Кейін полиция қызметкерлері жиналғандарды екі жаққа итеріп, көліктің шығуына жағдай жасаған.

YouTube желісіндегі Ne deidi? арнасының авторы Думан Мұхаммедкәрім наурыздағы парламент сайлауынан бері үш рет қамалды. Ол соңғы рет мамырдың соңында YouTube-арнасындағы видеода айтқандарына байланысты 25 тәулікке қамалған. Құқық қорғаушылар билікті қатаң сынап жүрген журналистке ашылған істің саясиланғанын айтады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM