Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Душанбе-Чанак тас жолының ақысы қымбаттайды

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанда Innovative Road Solutions компаниясының филиалы 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Душанбе-Чанак тас жолында жүру ақысы қымбаттайтынын мәлімдеді.

Тариф 50-ден 70 пайызға дейін қымбаттайды. Мәселен, «Варзоб» толлинг плазасында жүру құны 3 сомониден 5 сомониге, «Чорух» плазасында 94 сомониден 103 сомониге дейін көбейеді.

1 қаңтардан бастап жеңіл көлік жүргізушілері Душанбе-Хожент жолында қолма-қол 28 сомони, карта арқылы 14 сомони төлейтін болады.

IRS компаниясы тарифтерді көтеруге әлемдік дағдарыс пен ұлттық валютаның құнсызданғанымен түсіндірді. Компания жол техникаларын, мұнай өнімдерін, замануи жабдықтарды шетелден қымбат бағаға сатып алатынын айтты.

Мәлімдемеде компанияда 800-ге тарта адамның жұмыс істейтіні және еңбек нарығында басқа компаниялармен бәсекеге түсе алмай жатқаны айтылған.

Innovative Road Solutions компаниясының филиалы Тәжікстанда 2010 жылдың сәуір айынан бастап істеп келеді.

Тәжікстанда ақылы Душанбе-Хожент трассасының ұзындығы — 410 шақырым.

2010 жылы «Неміс толқыны» радиостанциясы Innovative Road Solutions Виржиния аралдарында Эмомали Рахмонның қызы Озода Рахмонның күйеуі Жамолиддин Нуралиевтің атына жазылғанын хабарлаған.

Жамолиддин Нуралиев қазір Тәжікстандағы Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарады. Ол IRS компаниясына қатысы барын теріске шығарып келеді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM