Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Душанбе-Моторс» еңбек мигранттарын Оңтүстік Кореяға жібереді

KAZAKBOL.COM

Тәжікстандағы «Душанбе-Моторс» компаниясы 3 мыңнан 10 мыңға дейін еңбек мигрантын Оңтүстік Кореяға жібере алатынын хабарлады.

«Душанбе-Моторс» компаниясы Оңтүстік Кореядан түрлі брендтің автокөліктерін жеткізумен айналысады. Енді компания осы елге жыл сайын 3 мыңнан 10 мыңға дейін тәжік азаматтарын жұмысқа жібере бастайтынын хабарлады. Тәжік еңбек мигранттарының алғашқы тобы Оңтүстік Кореяға сәуір айында аттанады. Бұл туралы компанияның бас директоры Ли Хвансу хабарлады.

«Оңтүстік Кореяға» жұмыс күші керек. Тәжікстанда азаматтар жалақының аздығына шағымданады. Сол себепті біз жұмыс істегісі келетіндерді Оңтүстік Кореяға жібере бастаймыз», — дейді «Душанбе-Моторс» басшысы.

Тәжікстандықтар Оңтүстік Кореяда жарты жыл жұмыс істейді. Ли Хвансудың айтуынша, көші-қон заңдарын бұзбағандар тағы да жұмысқа шақырту алуы мүмкін.

Тәжікстан мен Оңтүстік Корея еңбек миграциясын заңдастыру туралы үкіметаралық келісім дайындап жатқаны бірнеше жыл бұрын мәлім болған.

Оңтүстік Кореяға жұмыс істейге баратын еңбек мигранттары екі апта дайындық курсынан өтеді.

Мәліметтерге қарағанда, Оңтүстік Кореяда қазір 5 мыңнан астам тәжік мигранты жұмыс істеп жүр. Олардың кейбірі Samsung және Hyundai секілді ірі компанияларға жұмысқа орналасқан.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM