Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Душанбе тұрғыны Донецкте тұтқынға түскен украин сарбазының туысқаны екенін таныған

KAZAKBOL.COM

Душанбе тұрғыны Ниссо Шамсиева орыс әскерінің тұтқынына түскен украин сарбазының туысқаны екенін мәлімдеді.

Шамсиеваның сөзінше, тұтқынға түскен Темур Шамсиев бала кезінде анасымен Украинаға көшіп кетіп, содан бері Душанбедегі туысқандарымен хабарласпай кеткен.

«Мен үнемі әлеуметтік желілерден оның аты-жөнін жазып іздеп тұрамын. Бірақ таба алған емеспін. Жақында ақпарат құралдарынан Темур Шамсиев атты Тәжікстанда туып-өскен украин жауынгері тұтқынға түскенін оқып, бірден түсіндім. Сақтап жүрген бала кезіндегі суреттерін көріп, бірден таныдым», — деді Шамсиева.

Ниссо Шамсиева Темур екі жасында әке-шешесі ажырасқан, анасы ұлын алып, Украинаның Запорожье қаласына көшіп кеткен.

«Темурды әкесі өмірден өткенше іздеді. Ол 2004 жылы қайтыс болғаннан кейін мен іздей бастадым. Бірнеше рет Ресейдің Тәжікстандағы әскери базасына, «Жди меня» телебағдарламасына хат жазғам, бірақ нәтиже болмады», — дейді Шамсиева.

Өткен аптада орыс әскері Донецк облысының жікшілдер бақылайтын ауданында Тәжікстанда туып-өскен украин жауынгері тұтқынға түсті деп мәлімдеген. 3 мамырда ресейлік әскери тілші Александр Сладков Telegram-каналына Темур Шамсиевтен алған қысқаша сұқбатты жариялаған.

Ресейдің Украинаға шабуыл бастағанына екі айдан асты. Содан бері бұл соғыста Тәжікстанда туып-өскен, орыс армиясында қызмет еткен 10-ға жақын жауынгер қаза болды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM