Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Душанбеде ережесіз жекпе-жек шеберіне қарсы сот отырысы жалғасып жатыр

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанның әділет министрлігінің тергеу абақтысында балуан әрі блогер Чоршанбе Чоршанбиевке қатысты сот отырысы жалғасты. Сот отырысы ашық болғанына қарамастан, тәуелсіз ақпарат құралдары жіберілмеді.

Чоршанбе Чоршанбиев интернет арқылы жария түрде конституциялық құрылымды өзгертуге шақырды деп айыпталып жатыр. Айыпталушының өзі мен туыстары мұны теріске шығарады.

Былтыр қараша айының соңында Таулы Бадахшан өңірінде халық көтерілген кезде балуан оларды қолдап видео үндеу таратқан. 25 қарашада Хорогта 29 жастағы Гулбиддин Зиебек полиция қолынан қаза тапты. Бадақшандықтар осы оқиғадан кейін көтерілген.

«Мен саясаткер де, оппозиционер де емеспін, мен — адаммын. Бірақ мен әділетсіздікке қарап тұра алмаймын. Мен әлемге, тәжік халқына үндеу жасаймын. Біз қаншалықты шыдай береміз? Әділетсіздікке қарсы көтерілуіміз керек»,- деген еді Чоршанбиев.

Осы мәлімдемесінен кейін көп өтпей Ресейде тұратын Чоршанбе Чоршанбиев ұсталып, Тәжікстанға депортацияланды.

Балуанға қатысты келесі сот отырысы 18 наурызға белгіленді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM