Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Душанбеде танымал блогерлер ұсталды

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанның танымал блогерлері Далери Имомали мен Абдулло Гурбати прокуратура қызметкерлері тарапынан 15 маусым күні ұсталған.

Билік әзірге ешқандай түсініктеме бермеді. Блогерлердің не үшін ұсталғаны белгісіз.

Тәжікстандағы өзекті мәселелерді көтеретін блогер, актер әрі режиссер Далери Имомали 4 маусымда құқық қорғау органдары қызметкерлері өзін ұстап, бес сағат бойы тергегенін айтқан. Ол тіптен тергеу кезінде өзіне қол көтергенін де жеткізген.

15 маусым күні Далери Имомали Фейсбук парақшасына Душанбеден Канибадамға баратын жолда өзін полиция қызметкерлері ұстағанын хабарлаған. Ол Канибадамға жаңа фильм түсіру үшін бара жатқанын айтқан.

Озоди радиосының хабарлауынша, Далери Имомалиға бірден адвокаты жеткен. Кейін блогер мен адвокаты екеуін әйнегі қараңғыланған, шетел маркалы көлікке отырғызып, белгісіз бағытқа қарай алып кеткен.

Сол күні тағы бір блогер Абдулло Гурбатидің де ұсталғаны белгілі болды. Қазір олардың қайда екені белгісіз.

Осыдан бірер күн бұрын Тәжікстанның бірнеше журналистер ұйымы Озоди радиосының тілшісі Муллораджаба Юсуфзода мен блогер Далери Имомалиге қол көтерген адамдарды ұстап, жазаға тартуын талап еткен.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM