Душанбе қаласы Шохмансур аудандық прокуратурасы 29 жастағы ер азаматтың өлімін тергеп жатыр. Ол сот залынан қашып, көпқабатты үйдің терезесінен өзін тастап жіберген. Вахдат қаласының тұрғыны Фарход Сафармамадов 16 қыркүйекте теракті жасамақ болды деген күдікпен ұсталған.
«Сафармамадовты ІІМ қызметкерлері ұстады. Сол күні оны Шохмансур аудандық сотына әкеліп, қамау туралы шешім шығарған», — деп хабарлайды прокуратурадағы дереккөз.
Алайда, сот залынан шығып бара жатқанда, Фарход Сафармамадов қолындағы кісенімен қашып кеткен. Ол мекемеге қарама-қарсы орналасқан көпқабатты үйге көтеріліп, терезеден өзін лақтырып, қаза тапқан.
Бірақ қаза болған күдіктінің туыстары бұл болжамға сенбейді. «Менің бауырым кәсіпкерлікпен айналысты. Біз оның терроризмге қатысы болды дегенге сенбейміз», — дейді Рустам Сафармамадов.
Туыстарының сөздерінше, Фарход Сафармамадовтың Вахдат базарында сауда жасайтын сәкісі болған. Артында кәмелетке толмаған екі баласы қалған.
KAZAKBOL.COM