Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Иракта терроризм айыбы бойынша 9 тәжік әйелі сотталған

KAZAKBOL.COM

Бағдад қалалық сотында тоғыз тәжік әйелі әрқайсысы 20 жылға сотталған. Үкім 19 қыркүйекте шыққан.

Тәжікстан азаматтары «Ислам мемлекеті» террористік ұйымның мүшесі болды, ондағы содырлармен бірге тұрды деп айыпталған.

Тәжікстан үкіметіндегі дереккөздің хабарлауынша, сотталған әйелдердің барлығының кішкентай балалары бар. Олардың бәрі Бағдадтағы интернатқа өткізілген. «Екіжақты келісімге сәйкес, тәжік билігі балалардың отанына оралуын талап ете алады»,- деді ол.

Бағдад қалалық соты шешімінің көшірмесінде сотталған әйелдердің аты-жөндері аталған. Олар: Лутфия Иззатулло Абдулло, Таманно Каримова Холахмад, Сафаргул Набиева, Мадина Ашраф Курбон, Хадича Файзиддинзода, Ирода Раззок Холик Содик, Оиша Шербекова, Зухро Зохир Мухаммад, Зебо Джонаки Саидова.

Тәжік билігі аталған ақпаратты растап, аталған әйелдерге елде де қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Бағдадтағы сот процесіне қатысқан ирактық журналист Умар Карими әйелдердің бірқатары өздеріне оқылған үкімді байыпты қабылдады, ал төртеуі айқайлап жылады дейді.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM